Бірлескен семинар өткізілді
Сырдария аудандық сотының ұйымдастыруымен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыруда туындаған мәселелер» тақырыбында семинар өткізілді.
Аталған іс шараға Сырдария аудандық сотының төрағасы Р.Алдамбергенов, судья А.Мизанбаев, аудан прокуроры Е.Алмазұлы, аудандық полиция бөлімінің бастығы Н.Ибраев және полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Сот төрағасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтыру сапасын көтеру, құқық бұзушылық дәлелдемелерінің толықтығын қамтамасыз ету, әкімшілік істердің заңға сәйкес рәсімделуіне және сотқа уақытылы жолдануына қатысты мәселелерге тоқталды.
Семинар барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, тақырып төңірегінде өз ойларын ортаға салып, кейбір мәселелер жөніндегі ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі