Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Кезектен тыс XXXIII конференция өткізілді

Кезектен тыс XXXIII конференция өткізілді

Бүгін аудандық партия филиалының мәжіліс залында аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы М.Ергешбаевтың төрағалығымен аудандық партия филиалының кезектен тыс XXXIII конференциясы болды. Онлайн және оффлайн форматта өткізілген іс-шараға барлығы 24 бастауыш партия ұйымынан 30 делегат қатысты. Конференцияның күн тәртібінде төмендегі мәселе қарастырылды.

Қалжан ахун ауылдық округі әкімінің сайлауына партия атынан ұсынылатын кандидатты бекіту

Аталмыш мәселе бойынша аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып хабарлама жасап, конференцияға ұсынылған 3 үміткердің өмірбаяндарымен таныстырды. Келесі кезекте филиал төрағасы М.Ергешбаев ашық дауысқа салу арқылы 1 үміткерді таңдау қажеттігін атап өтті. Конференция делегаттарының көпшілік дауысына ие болған Әкбаров Ғалымжан Нәуретұлының кандидатурасы аумақтық сайлау комиссиясына тіркеуге ұсынылатын болды.

Конференция соңында қаулы жобасы бірауыздан бекітілді.
06 қазан 2021 ж. 614 0