Аудандық партия филиалының кезекті ХХХІ есеп беру-сайлау конференциясы болды
«Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалының кезекті ХХХІ есеп беру-сайлау конференциясын аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Талғат Тұрсынұлы Дүйсебаев ашып, жүргізіп отырды. Пандемия жағдайына байланысты конференция делегаттарының жартысынан көбі ZOOM платформасы арқылы онлайн қосылды. Конференцияға аудандық партия филиалының Саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, «Jas Otan» Жастар қанатының мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері қатысты. Кезекті конференцияның күн тәртібінде:
1. «Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалының 2019 – 2020 жылдары атқарылған жұмыстары туралы.
2. «Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалының жаңа Саяси кеңес құрамын сайлау туралы.
3. «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезекті ХХVІІІ есеп беру – сайлау конференциясына Сырдария ауданынан қатысатын делегаттарды сайлау туралы мәселелер қаралды.
Жиында партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жақып Еркебұлан Төлепбергенұлы Партия филиалының алдағы міндеттері туралы және 2019 – 2020 жылдары атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша есеп берді.
Конференция барысында аудандық партия филиалының Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер еңгізіліп, Қызылорда облыстық филиалының кезекті XXVIII (28-ші) есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайланды.