Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Шәкірттер сыйы

Шәкірттер сыйы

Мерейлі мейрам қарсаңында аудан ор­талығындағы білімнің қараша­ңырағы №210 О.Әбілпаттаев атын­дағы мектепте мерекелік іс-шара өткізілді. Мұға­лімдердің ме­рейін тасытқан кон­цертті ұй­­ым­­­­дастырушылар – «Жас­ ұлан» ұйымы мен 7 «Б» сыныбы. Сынып жетекшісі – Нұргүл Күде­­ба­ева. салтанатты жиынға ұйым­дастыру­шы­лардың жоғары деңгейде да­йын­­дал­ғаны көрініп тұрды.

Мерекелік іс-шараға мектеп директоры Света Мұхтарқызы бастаған ұжым ұстаздары мен оқушылар, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Жетінші сыныптықтар бірінен-бірі асқан өнер­лі-ақ екен. Бастауыш сыныптардағы жетекшілері Сәуле Таюпованы ерекше құр­метпен ортаға алып шыққан оқушылар пән мұғалімдеріне жыр-шашуларын арнады. Жас өрендер білім ордасында сапалы білім, саналы тәрбие беріп жүрген ұлағатты ұстаздарға да құрмет көрсетіп, әзіл аралас сұрақтарын қойып, мерекелік концертті еркін әрі қызықты етіп өткізді.

Кеш соңына таяу қауырт тіршіліктен бір сәт бой жазған ұстаздардың құшағы гүлге толып, мерекелік көңіл-күйге бөленді. Ұйымдас­тырушыларға ризашылығын білдірген мектеп директоры С.Сақтапова барша ұстаздар қауымын мерейлі мерекемен құттықтай отырып, жас өрендердің оқуда озат болуын тіледі.

Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ


05 қазан 2021 ж. 392 0