Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » МҰҒАЛІМДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ҚАБЫЛДАУ

МҰҒАЛІМДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ҚАБЫЛДАУ


Аудан әкімдігінің мәжіліс залында "5 қазан – Үстаздар күні" мерекесіне арналған мерекелік қабылдау өтті.

Мерекелік қабылдауға ауданның білім саласының дамуына айрықша үлес қосып, шығармашылық жарқын жетістіктерге жеткен мерейлі ұстаздар қатысты.
– Ұстаз – қашан да қасиетті, киелі ұғым. Сол себепті, ұрпақ тәрбиесі жолында ата-анадан кейін ұлағатты ұстаздардың алар орны ерекше. Елбасы бүгінгі Жолдауында білім саласына айрықша мән берді. Жолдауға сәйкес, келесі жылы елімізде «Педагог мәртебесі туралы» заң әзірленіп, қолданысқа енгізілмек. Бұл Отандық білім саласының дамуына серпін берері сөзсіз.Ауданның барлық ұстаздарына жауапкершілігі мол жұмыста шығармашылық сәттілік тілеймін. Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!,- деді мерекелік қабылдауда аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев.
Мерекелік қабылдауда білім саласының қызметкерлері атқарушы билік өкілдеріне шынайы ризашылығын білдірді. Шара соңында ұлағатты ұстаздарға аудан әкімінің "Алғыс хаты" мен мерекелік сыйлықтары табыс етілді.
Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ,
аудан әкімі аппаратының
аударма ісі жөніндегі редакторы –
баспасөз хатшысы.
05 қазан 2018 ж. 1 061 0