Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 10 газет

07 ақпан 2026 ж.

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » АНАЛАР КҮНІНЕ АРНАДЫ

АНАЛАР КҮНІНЕ АРНАДЫ


Шуағын шашып көктеммен қатар келген 8 наурыз –Халықаралық әйелдер мерекесіне орай №36 мектеп-лицейдің 4 б сынып оқушылары сынып жетекшісі Шолпан Базарбайқызының ұйымдастыруымен аналарын құттықтап, мерекелік кеш ұйымдастырды. Бұл шара мектептің акт залында өткізілді. Сахнаны әдемілеп безендірген оқушылар кешке  жан-жақты дайындықпен келді. Кештің шымылдығын көктем биімен аппақ періштедей болып киінген сынып қыздары ашты. Баланың дүниеге келгеннен бастап, оқуға барғанына дейінгі ананың орасан еңбегін көрініспен көрсеткен оқушылар аналарына  үлкен алғыстарын білдірді. Ұлдар аналарына арнап тақпақтарды мәнерлей оқыса, қыздар әуелете ән шырқап, дөңгеленіп би биледі. Өз сыныптарының қыздарын да мерекелік көіәл күймен әзіл-тақпақтар оқыды. Сынып оқушылары аналарына жүрек тәрізді шарлар ұсынып, ұлдар өз аналарын ілтипатпен ортағы шығарып, вальс биледі.  Үлкен ледэкраннан балалар өз аналарының суреттерінен слайд көрсетті.
Тартымды өткізілген шараға Шырынкүл әже батасын беріп, үлкен алғысын айтты.   
Г.ӘЛЖАНОВА                                                                                                                                                           
05 наурыз 2018 ж. 1 707 0