Қысқа дайындық пысықталды
Аудан әкімдігінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мақсатында комиссия отырысы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Б.Лекеров және комиссия мүшелері қатысты.
Жиында қыс мезгілінде пайда болатын төтенше жағдайлардың алдын алуға арналған авариялық-құтқару қызметтерінің, жылу энергиясы, ауыз сумен қамту ресурстары және жол қатынастары жүйесінің қысқы кезеңге дайындығы пысықталды. «Қыс – 2019» республикалық штабтық оқу-жаттығуы және азаматтық қорғаныс қызметтерінің іс-қимыл әрекет етуі бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы А.Оразбеков баяндама жасады.
Сырдария өзені бойындағы осал қорғаныс бөгеттерін қалпына келтіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде «Сырдариясушар» өндірістік учаскесінің басшысы Б.Ысқақов хабардар етті. Ал 2019-2020 жылдар аралығындағы қыс мезгіліне дайындық жұмыстары туралы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы Е.Бахтияров баяндады.
Майя ҚОЖАБАЙ