Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 41 газет

03 маусым 2025 ж.

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Газ қауіптілігі түсіндірілді

Газ қауіптілігі түсіндірілді

«Қызылорда газ тарату жүйесі» мекемесінің Тереңөзек кентіндегі өндірістік учаскесінің басшысы Еркебұлан Есенгелдінің ұсынысы бойынша «Jas Otan» Жастар қанатының Сырдария аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен Тереңөзек кентінде ата-аналармен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында көпқабатты тұрғын үйлердің жанына қойылған сары түсті газ реттегіш қораптарымен балалардың, әсіресе оқушылардың ойнамауын қатаң қадағалауда ұстау мәселелері талқыланды. Ата-аналарға газдан келетін қауіп туралы ақпараттар беріліп, ескертулер айтылды.

«Қызылорда газ тарату жүйесі» мекемесінің Тереңөзек кентіндегі өндірістік учаскесінің басшысы Еркебұлан Есенгелді газбен ойнауға болмайтынын, газ құрылғыларын жөндеуді тек мамандардың рұқсатымен жүргізу керектігін жеткізді.

Өз кезегінде аудандық мәслихат депутаты, «Jas Otan» жастар қанатының Сырдария аудандық бөлімшесінің басшысы Ақтөре Ибрагимұлы баланың бас ұстазы ата-ана екенін айтып, нақты мысалдар келтірді. Алдағы уақытта атқарушы органның жауапты басшыларының, учаскелік полиция инспекторларының қатысуымен тағы да ата-аналар жиналысы ұйымдастырылатынын жеткізді.

Кездесу соңында ата-аналар айтылған ұсыныс-пікірлер орынды екеніне назар аударып, көпқабатты тұрғын үйлердің жанына қойылған сары түсті газ реттегіш қораптарымен ойнауға болмайтынын балаларына күнделікті ескертетіндерін жеткізді.
10 қыркүйек 2021 ж. 539 0