Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » 710 үй газға қосылды

710 үй газға қосылды

Тереңөзек кентінде барлығы 2162 жеке тұрғын үй болса, соның 710-ы табиғи газға қосылған. Бұл туралы «Қызылорда газ тарату жүйесі» ме­кемесінің Тереңөзек кентіндегі учаске басшысы Еркебұлан Есенгелді мәлімдеді.
Учаске басшысының айтуынша, жеке тұрғын үйлерден бөлек 18 бюджеттік және кәсіпкерлік нысан, 11 көпқабатты тұрғын үйдің иелері табиғи газдың пайдасын көруде. Қазіргі уақытта газдандыру көр­сеткіші аудан бойынша шамамен 30 пайызды құраса, жыл аяғына дейін бұл көрсеткіш 60 пайызға жеткізілмек.
– Тереңөзек кентіне «көгілдір отынның» берілуі – Тәуелсіздіктің тартуы. Сондықтан тұрғындардың газға қосылуға ынтасы жоғары. Біз жергілікті әкімдікпен бірлесе отырып, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеміз. Мердігер мекемелерге де тұрғын үйлерді газға қосу барысында атқарылатын жұмыстарды сапалы және уақытылы аяқтау жөнінде жадынамалар ұсынылуда, – дейді Еркебұлан Есенгелді.

«ТТ» ақпарат
31 тамыз 2021 ж. 679 0