Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Президенттік көпсайыс жеңімпаздарын қабылдады

Аудан әкімі Президенттік көпсайыс жеңімпаздарын қабылдады

Сырдария ауданының әкімі М.Ергешбаев Президенттік көпсайыстан республикалық чемпионатының жеңімпаздарын қабылдады.

Кеше Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында спорт саласы бойынша әр облыста және ірі аудан орталықтарында балалардың энергиясын дұрыс бағыттау үшін арнайы спорт орталықтарын ашу қажеттілігін атап өтті.


20-31 тамыз күндері аралығында Ақтау қаласында Президенттік көпсайыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Осы чемпионатқа Сырдариялық спортшылар ерлі зайыпты Бөдеев Мұрат пен Сүлеймен Гүлмайра да қатысты.Нәтижесінде 50-59 жас аралығында Президенттік көпсайыстан спортшымыз Бөдеев Мұрат жеңімпаз атанды.


Аудан әкімі алдағы уақытта да аламан бәйгелерде топ жарып, жеңіс тұғырынан көріне берулеріне сенім білдірді. Аудан спортшыларына ауданда денешынықтыру және спортты дамытуға бағытталған жауапты да игілікті істеріне толағай табыс, дендеріне саулық отбастарына аманшылық тіледі. Ел ертеңі жас өркендерді спортқа баулып, әрдайым талаптың төрінен, жеңіс тұғырының биігінен көріне берулеріне тілек білдірді.


Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
08 қыркүйек 2021 ж. 518 0