Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ КІМ ИЕ БОЛДЫ?

ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ КІМ ИЕ БОЛДЫ?

Тоғызқұмалақтан Анталия қаласында V Әлем чемпионатында рапид бағдарламасы бойынша спортшымыз Бексұлтан Бостандықов қола медаль иесі атанды.
Маусым айында гір спортынан Өзбекстан Республикасының, Хива қаласында Азия чемпионаты өтіп, жастар арасында Азамат Ақылбеков және ардагерлер арасында Жеңісбек Төлеген Азия чемпионы атанды.
Чонбури қаласы (Тайланд) индор хоккейден Азия кубогі өткізіліп, қыздар (Гузал Бахаваддин Гузал, Алиса Чепкасова) алтын, ұлдар (Нұрхан Сансызбаев, Бақытбек Сәрсенбайұлы, Дәулет Әлиев) күміс медаль иеленіп қайтты.
Биыл ауданда Қазақстан Республикасы чемпионатының 24 жеңімпазы бар екенін мақтанышпен айта аламыз.
Көгалдағы хоккей спортшылары 5-ші жазғы Қазақстан спартакиадасының жеңімпазы атанды. Спортшылар енді 25-30 тамыз аралығында Алтай өлкесі Барнаул қаласында Ресей федерациясының 3-айналымына және 31 тамыз – қыркүйек аралығында Талдықорған қаласында Орталық Азия кубогы жарыстарына қатысады.
Павлодар қаласында волейболдан 2005-2006 жылдары туылған жасөспірімдер арасында ҚР-ның қысқы чемпионаты өтті. Облыс құрама сапында өнер көрсеткен Сырдариялық спортшылар алтын медальді иеленді.
Павлодар қаласында волейболдан 2006-2007 жылдары туылған жасөспірімдер арасында ҚР-ның жазғы чемпионаты өтті. Облыс құрама сапында өнер көрсеткен сырдариялық спортшылар (Арнұр Рүстемов, Ержігіт Айбекұлы және Аңсар Жаңаев) қола жүлдені иеленді.
17 тамыз 2019 ж. 799 0