Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қазақстан ашық түсті мұнайды Ресей арқылы экспорттайтын болды

Қазақстан ашық түсті мұнайды Ресей арқылы экспорттайтын болды


Мәскеуде «Ресей энергетикалық апталығы – 2018» халықаралық форумының шеңберінде Қазақстан ашық түсті мұнайды Ресей арқылы экспорттайтын болып келісті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ҚР Энергетикка министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қ. Бозымбаев және Ресей Федерациясының Энергетика министрі А. Новак 2010 ж. 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Үкіметтері арасындағы Қазақстанға мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы үкіметаралық хаттамаға қол қойды.
«Енгізіліп жатқан өзгерістер Ресейден Қазақстанға мұнай өнімдерін кіргізу және Қазақстан аймағынан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аймағынан тыс шығару мәселелерін реттеуді ведомствоаралық деңгейге шығаруға мүмкіндік береді (екі елдің энергетика ведомстволары). Осылайша, Қазақстан жанар-жағармайдың ішкі нарығындағы балансына байланысты мұнай өнімдерінің кейбір түрлерінің экспортын және импортын ашу/жабу бойынша шешімдерді жылдам қабылдай алады», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда ашық түсті мұнай өнімдерін тасымалдауға тиым салынған. Қол қойылған хаттама Қазақстандағы жаңғыртылған мұнай өңдеу зауыттарында шығарылған ашық түсті мұнай өнімдерін экспорттауға мүмкіндік береді.


04 қазан 2018 ж. 1 220 0