Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№73 газет

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 газет

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 газет

19 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Тіл – татулық тірегі

Тіл – татулық тірегі

Қазақстан халықтарының тілдерін дамыту стратегиясын, тілдерді қолдану мен дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін, өнерін насихаттау арқылы ұлттар достығын нығайту мақсатында 2021 жылдың 3 қыркүйегі күні аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Тіл – татулық тірегі» атты аудандық онлайн фестиваль өткізілді.

Шараға кент және ауылдық мәдениет үйлері мен клуб қызметкерлері қатысты. Әділ қазылар алқасының шешімімен жүлделі бас жүлдені Шіркейлі ауылдық мәдениет үйі, І орынды-Айдарлы ауылдық клубы ұжымы, қос бірдей екінші орынды-Тереңөзек кент мәдениет үйі, Қалжан ахун ауылдық клуб қызметкерлері иеленсе, ІІІ орын тұғырынан – С.Сейфуллин ауылдық клубы, Бесарық, Ақжарма ауылдық мәдениет үйілері ұжымы көрінді. Қалған қатысушыларға арнайы «Алғыс хаттармен» сыйлықтар табысталды.
04 қыркүйек 2021 ж. 673 0