Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Халқымыздың әл-ауқатын арттыруға арналған Жолдау

Халқымыздың әл-ауқатын арттыруға арналған Жолдау

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа кезекті Жолдауы еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерейтойына тұспа келіп, ел ішінде ерекше серпін берді.

Жолдауда негізгі тақырыптардың бірі Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайы мен денсаулығына баса көңіл бөлінген. Атап айтқанда, ең аз айлықты 42500 теңгеден 60 мыңға жеткізу, бюджеттік сала қызметкерлері, техникалық қызметкерлер айлығын 2022-2025 жылдары жыл сайын 20 пайызға өсіруді тапсырды.

Қазақстан өз елінде екпе жасап шығарған аз елдің қатарына жататындығын, дәрінің зиянсыздығын, ауруға қарсы өте тиімді екендігін және оның жеткілікті қоры бар екендігін атап көрсетті.

Қуаңшылыққа, жалпы болашақта су тапшылығы одан әрі жалғасатындығына байланысты ауыл шаруашылығын әр тараптандыруды, суды үнемді пайдалану қажеттігін тиісті салалардың назарына жеткізді.

Жолдауға қолдау көрсетіп, тиімді жүзеге асуына ықпалдасу қажет деп есептеймін.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М. Келдібаев
02 қыркүйек 2021 ж. 282 0