Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » САЛАҒА СЕРПІН БЕРЕРІ СӨЗСІЗ

САЛАҒА СЕРПІН БЕРЕРІ СӨЗСІЗ

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын мәлімдеп, елдің әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын жариялады.
Мемлекет басшысы Жолдауда аса маңызды мәселелерге тоқталып өтті. Солардың бірі – 2022-2025 жылдары бюджеттен қаржыландырылатын сала қызметкерлерінің жалақысын жыл сайын 20 пайызға арттыру. «2020 жылдан бастап 600 мыңнан астам педагог пен дәрігердің, әлеуметтік сала қызметкерінің жалақысы өсті. Бірақ, бюджеттен қаржыландырылатын өзге сала азаматтары мұнан тыс қалды. Бұлар музей қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілері және басқалары. Сондықтан 2022 жылдан 2025 жылға дейін мемлекет осы санаттағы азаматтық қызметкерлердің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіретін болады. Тұтастай алғанда, тағы 600 мың отандасымыз бұл бастаманың игілігін көреді», – деді Президент.
Өздеріңізге белгілі, елдегі пандемияға сәйкес мәдени іс-шаралардың көпшілігі көрерменсіз өткізілуде. Халықтың ықыласы мен көрерменнің қошеметімен арқалана түсетін мәдениет саласы қызметкерлері үшін бұл кезеңдер оңайға соғып жатқан жоқ. Десек те, халықтың денсаулығы алдыңғы орында екенін естен шығаруға болмайды. Осындай сәтте жасалған Президент Жолдауы мәдениет саласына серпін берері сөзсіз. Сондықтан Президент атап өткен басым бағыттарды негізге алып, елімізді дамытуға баршамыз атсалысуымыз қажет.

Марат ОМАРОВ,
Сырдария аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры
01 қыркүйек 2021 ж. 706 0