Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БІРЛЕСІП ІСТЕГЕН ЖҰМЫС БЕРЕКЕЛІ

БІРЛЕСІП ІСТЕГЕН ЖҰМЫС БЕРЕКЕЛІ


Соңғы бес жылда көпір салудың өзіндік үлгісін қалыптастырған Сырдария ауданында тағы да бір көпір салынды.
Бүгін Тереңөзек кентіндегі Қазақ көшесінде асар әдісімен салынған көпірдің ашылу салтанаты болды.
Көпір құрылысына аудан жұртшылығымен қатар көше тұрғындары, аудан көлеміндегі мекеме басшылары мен қызметкерлері де өз үлестерін қосты.
Атап айтқанда, Сырдария ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өндірістік бөлімшесі құрылысқа қажетті техникалармен толықтай қамтамасыз етті.
Осылайша Тереңөзек кентіндегі Қазақ көшесі тұрғындарының өтініші бюджет қаражатынсыз-ақ шешімін тауып отыр.
Тұрғындардың қуанышымен ортақтасуға аудан әкімі Ғ.Қазантаев арнайы келіп, жылы лебізін білдірді. Жаңа көпірдің ашылуына соғыс және еңбек ардагері, Сырдария ауданың құрметті азаматы Яхия Тасыров ақ батасын берді.
Айта кету керек, бұл көпір ауданда асар әдісімен салынған үшінші көпір.
07 қараша 2018 ж. 885 0