Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Нақты тапсырма берілді

Нақты тапсырма берілді

Аудан әкімі Руслан Рүстемов Сырдария ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы өнідірістік бөлімшесінің, аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" комерциялық емес АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Сырдария аудандық бөлімінің жұмысымен танысты.
Аудан басшысына аталған мекемелердің басшылары өз салалары бойынша атқарылған және алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыстар жөнінде мағлұмат беріп, жұмыс барысымен таныстырды.
Бүгінде Сырдария ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы" өнідірістік бөлімшесінде 161 маман қызмет атқаруда. Аудандағы су жүйесінің ұсындығы 439,86 шақырымды құрайды. Барлық тұтынушылар таза ауыз сумен қамтамасыз етілген.
Ал, орман қоры жерлерін қорғау, күзету, тиімді пайланану және өрттің алдын алу бағытында жұмыс жасайтын аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесіне қарасты 236 530 га жер бар. Мекеме орманшылары күнделікті өздеріне жүктелген міндеттер негізінде жұмыс жасауда және "Қызыл кітапқа" енген жануарларды қорғау бағытында тиісті түсіндірме жұмыстарын да жүргізуде. Мекеме теңгерімінде УТО-Х1254, ХТА-200 тракторы, ГАЗ-53, МТЗ-82 тіркемесі, УАЗ және Нива автокөліктері бар.
2008 жылы жұмысын бастаған уақытта небәрі 16 қызмет көрсетіп, қазіргі таңда жұмыс ауқымы бірнеше есеге артып, көрсетілетін қызметтер саны 506-ға жеткен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" комерциялық емес АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының Сырдария аудандық бөлімінде 16 маман еңбек етуде. Бөлім 2019 жылдың 9 айының қорытындысымен жеке және заңды тұлғалар өкілдерінен 25 598 құжат қабылдап, барлық өтініштер мен қызмет көрсетулерді уақытылы қамтамасыз еткен. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторында 27 500 қызмет көрсетілсе, "Телеграм бот" қосымшасын 3695 азамат пайдаланған. Көлікті онлайн тіркеу қызметіне 75 азамат жүгінсе, 121 тұрғын жүргізуші куәлігін онлайн ауыстырған.
Осы және басқа да мәліметтермен танысқан аудан әкімі Р.Рүстемов мекеме басшыларына халыққа сапалы қызмет көрсету, белгіленген функционалдық міндеттерді мінсіз атқару, ауданның тыныс-тіршілігіне етене араласып, мекеме ауласын таза ұстау жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
"ТТ"-ақпарат
05 қазан 2019 ж. 650 0