Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » АЛАҢДАУҒА НЕГІЗ ЖОҚ

АЛАҢДАУҒА НЕГІЗ ЖОҚ


Бірнеше күн бұрын Сырдария ауданы Қалжан ахун ауылындағы «Аласиыр» каналының дамбасы 10 жерден бұзылып, елді мекендегі егістік алқабына су жайылған болатын. Осыған байланысты аудан әкімдігі тарапынан дер кезінде тиісті жұмыстар қолға алынып, барлығы өз деңгейінде үйлестірілді. Бүгінгі күні 10 жерден бұзылған қорғаныс бөгетін қалпына келтіру, нығайту жұмыстары толығымен аяқталды. Қазіргі таңда қорғаныс бөгеттерін жобалық - сметалық құжатта көрсетілгендей көлемде биіктету жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарды 2 мердігер мекеме атқаруда. Атап айтқанда, «Углесбыт» ЖШС–нен 7 дана және «Бақ-береке» ЖШС-нен 10 дана арнайы техника мен мамандар жұмыс жасауда. Жалпы, бұл жағдай аудан әкімдігінің күнделікті бақылауында тұр және елді мекенге қауіп жоқ.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
13 ақпан 2018 ж. 1 205 0