Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖҰМЫСЫ ЖҮЙЕЛІ, ІСІ ОРНЫҚТЫ

ЖҰМЫСЫ ЖҮЙЕЛІ, ІСІ ОРНЫҚТЫ


Су – тіршілік нәрі. Сусыз өмір жоқ. Аудан аумағындағы ауыз су кешеніне Сырдария ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің пайдаланушы өндірістік бөлімшесі қызмет етеді. Бұл бөлімше жыл сайын өз тұтынушыларымен, олардың өкілдерінің алдында есеп беруді дәстүрге айналдыруда. Аталмыш бөлімшеде өткен есеп беру жиынына тұрғындар, қоғамдық ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынды Сырдария ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерінің пайдаланушы өндірістік бөлімшесінің басшысы Б.О.Дүзімбетов ашып, мекеменің 2017 жылғы атқарған жұмыстарына және алда атқарылатын істерге кеңінен тоқталды.
– Біздің бөлімше Тереңөзек кенті және ауданның 13 елді-мекеніндегі халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қызмет етеді. Серіктестіктің 18 су кешені бар. Онда 32 ұңғыма, 15 су жинайтын қойма (резервуар), 19 су мұнарасы, 228 өрт гид­ранты, 2580 құдық бар. Көшелердегі су желісінің ұзындығы 283764 метр, тұрғын үйге тартылғаны 156,096 метр, барлығы 439,860 метрді құрайды. Бөлімшенің негізгі жұмысы аудандағы 32743 халықты норма бойынша жылына 490867 текше метр ауыз сумен қамтамасыз ету болып табылады. Сол тәрізді 130 мекеме мен кәсіпкерлік нысандарына 32980 текше метр су беріледі. Жалпы шығындарды қосып есептегенде 523847 текше метр су өндіріліп, таратылады. Ауыз су жүйелерінің жұмыстары қатаң бақылауға алынып, кент және елді-мекендерге ай сайын суды гипохлорлау жүргізіледі. Барлық су құбырларындағы құдықтар тазартылып, ауыз су сақтайтын резервуарларды, су мұнараларын залалсыздандыру жұмыстары кесте бойынша жүргізіліп, сертификаттандырылған мекемемен жылына бір рет келісімшарт жасалып, уақытылы атқарылуда. Бөлімше су жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, оның санитарлық нормаларын сақтап, ғимараттарды әктеп, сырлау, көркейту-көгалдандыру жұмыстарында үнемі жүргізіп, күтіп ұстап, ұқыпты сақталуын қамтамасыз етіп келеді. 2018-2020 жылдарға арналған күрделі жөндеу жұмыстарының жоспары бойынша 2018 жылы Тереңөзек кентінде жалпы құны 32,7 млн. теңгеге жұмыстар жүргізіледі,- деді Болат Оспанұлы.
Есеп беру жиынында аудандық қоғамдық кеңес төрағасы М.Омаров мекеменің аудан өмірінде алатын өзіндік орны бар екендігін ерекше атап өтті. – Бұрын ауылдарда ауыз суға еге болмай, бұл мәселемен ауыл әкімі, шаруашылық басшысы айналысуға мәжбүр болды. Қазір бұл іспен өз ісінің мамандары айналысқаннан кейін елді-мекендерде ауыз судан ешқандай проблема жоқ. Бұл жөнінде аудан басшысы да жақсы пікірде. Алда да мекеменің жұмысы жүйелі жүргізілетініне көпшілік сенімді,-деді қоғамдық кеңес төрағасы.
А.Садықова, кент тұрғыны: – Ауыз су үздіксіз 24 сағат беріліп тұр. Басқа аудандарда мұндай жағдай жоқ. Бұрынғы «Комхоздың» аяғынан тік тұруына аудан әкімдігі үлкен көмек жасады. Соның жемісін бүгінде тұрғындар көріп отыр. Мен мекеме ұжымына жұмыстарыңыз сәтімен жалғаса берсін деген тілегімді білдіремін.
Қазіргі таңда мекемеде ауыз суға төлем жинауда жолға қойылған. Биылғы ақпан айында мекеме қызметкерлері облыстық филиал тарапынан аттестациялаудан өткізіліп, өздерінің біліктілігін дәлелдеп шықты. Сондықтан бұл ұжымда жұмыс жүйелі, ырғақты жүргізіле беретініне сенім мол.

Шаhарбек НҰРСЕЙІТОВ


10 сәуір 2018 ж. 1 206 2

Гость JeaOrer от 17 ақпан 2019 08:39
Best Place To Buy Cialis Forum 157 Cialis Nebenwirkungen Prostata Cadian Viagra No Script tadalafil cialis from india Generic Viagara Online Us Viagra Online Sales Analyse Du Clomid

Гость JeaOrer от 7 наурыз 2019 17:32
Orlistat Without Prescription In Canada Farmaci Levitra Kamagra Ungarn real propecia from canadian pharmacy Ampicillin Amoxicillin Dosage Propecia Depression Reversible