Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Болат Өтемұратов қоры есебінен алынған шөп шапқы машинасы алғашқы жұмысына кірісті

Болат Өтемұратов қоры есебінен алынған шөп шапқы машинасы алғашқы жұмысына кірісті

Арал ауданында орын алған қуаңшылық жағдайын еңсеру мақсатында жерлесіміз, меценат Болат Өтемұратов қоры есебінен алынған мал азығы өңірімізге жеткізілуде.

Сонымен қатар, қысқы мал азығын дайындау шараларына байланысты Болат Өтемұратов қорынан шөп шапқы машинасын алу да жоспарланған болатын. Аталған шөп шапқы машинасы өңірімізге әкелініп, жұмыс жасай бастады. Атап айтар болсақ, 300 гектар аумақты алып жатқан Ақшатау шабындық алқабында алғашқы шөп шабу жұмыстарына кірісті.

Аудан әкімі Серік Сермағамбетов Ақшатау шабындық алқабында болып, жаңадан алынған шөп шабу машинасының жұмысын көрді. Аудан басшысы жауапты мамандарға қор қаржысына алынған техникаға жауапкершілікпен мұқият қарау қажеттігін айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Аталған алқапта мал азығын дайындау, пішен ору қызу жүргізілуде. Бұл аймақтағы өскен пішен сол маңдағы 5 елді мекенді қамтамасыз етуге жетеді деп күтілуде.
19 тамыз 2021 ж. 467 0