Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Жем-шөп дайындау жұмыстары жалғасуда

Жем-шөп дайындау жұмыстары жалғасуда

Табиғаттың тосын мінезінің, қуаңшылық жағдайының алдын алу мақсатында аудан көлемінде бірқатар шаруашылықтар мен ауылдық округтерде қысқы мал азығын жем-шөп дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Оның ішінде Шаған ауылдық округіне қарасты «Шаған жер» ЖШС-і 2900 гектар күріш, 357 гектар бидай, 105 гектар мақсары, 234 гектар жаңа жоңышқа егіп, 1055 гектар ескі жоңышқаны күтімге алды.

Қазіргі таңда шаруашылықта 1055 гектар жоңышқаның ІІ-орымын ору жұмыстары басталды. Барлық жиналған өнімді елді мекендегі тұрғындар мен шаруашылық құрылымдарына қолжетімді бағада ұсынуда.

Мал азығы үшін жоңышқа шөбін ору, жинау жұмыстарына 2 жатка, 3 шөп басатын техника және 3 жүк көліктері жұмылдырылды.

Осыған сәйкес «Шаған жер» ЖШС-і І-орымынан Арал ауданында ұйымдастырылған жәрмеңкеге 850 жоңышқа пресс жеткізді.

Арал ауданының тұрғындарын қолжетімді бағада шөппен қамтамасыз етуге аталған серіктестіктің ынталы екендігін жеткіземіз.


09 шілде 2021 ж. 1 286 0