Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыстың қамын жаз ойла

Қыстың қамын жаз ойла

Аудан көлемінде шаруа қожалықтар мен елді мекендегі тұрғындардың төрт түлік малдарының аштыққа ұшырамаудың алдын алу мақсатында мал азығы ретінде шөп дайындау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.


Оның ішінде Ақжарма ауылдық округіне қарасты «Ақжарма и К» фермер қожалығы 1350 гектар күріш, 34 гектар соя, 5 гектар дәндік жүгері, 250 гектар жаңа жоңышқа егіліп, 564 гектар ескі жоңышқаны күтімге алды.

Бүгінгі күнге шаруашылықта 564 гектар мал азықтық жоңышқаның ІІ-орымын ору жұмыстары жасалып, жиналған өнімді елді мекендегі жеке тұрғындар мен шаруашылық құрылымдарына тиімді бағада сатылуда.

Мал азықтық жоңышқа шөбін ору, жинау жұмыстарына 2 жатка, 3 шөп басатын техника және 5 жүк көліктері тартылуда.

Сонымен қатар биылғы жылы Арал ауданында көктемде жаңбырдың аз мөлшерде түсуі салдарынан және ауа райының қатты әсерінен қуаңшылық орын алуына байланысты «Ақжарма и К» фермер қожалығы І-орымынан Арал ауданында шөп жәрмеңкесін ұйымдастырып, жергілікті тұрғындарға 500 жоңышқа пресс жеткізді.

Алдағы уақытта да фермер қожалығы Арал ауданының тұрғындарын қол жетімді бағада мал азығы шөппен қамтамасыз етуге дайын.
09 шілде 2021 ж. 515 0