Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 76 газет

07 қазан 2025 ж.

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бақылауда

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бақылауда

Бүгін аудан әкімі Руслан Рүстемов Бесарық ауылында болып, мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылып жатқан жобалардың барысымен танысты. Алдымен «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан №147 мектепте болды. Өз кезегінде аудан әкімі мердігер мекеме мен тиісті сала басшыларына бірінші кезекте жұмыс сапасына баса назар аудару қажеттігін ескертіп, жоба бойынша құрылатын жұмыс орындарын қамтамасыз етуді тапсырды.
Мұнан кейін «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында ауылдың кіре беріс (5,9 шақырым) жолы мен «Қызылорда-Аэропорт-Қоғалыкөл-Шіркейлі» аудандық маңызы бар автомобиль жолына жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып, мердігер мекеменің өкілі мен салалық бөлім басшысына жолдың сапасына, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға басымдық беруге шақыра отырып, нақты міндеттер жүктеді.
Жалпы, ауданда соңғы жылдары жол жөндеу жұмыстары қарқын алып, Тереңөзек кенті көшелерінен бөлек ауылдық елді мекендерде де тиісті жұмыстар жанданып келеді.
07 маусым 2020 ж. 900 0