Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№88 газет

05 қараша 2024 ж.

№87 газет

02 қараша 2024 ж.

№86 Газет

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » РФ ПРЕЗИДЕНТІН САЙЛАУ: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДА РЕСЕЙЛІКТЕР ДАУЫС БЕРІП ЖАТЫР

РФ ПРЕЗИДЕНТІН САЙЛАУ: ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНДА РЕСЕЙЛІКТЕР ДАУЫС БЕРІП ЖАТЫР


Ресей Федерациясының азаматтары Қазақстанның түрлі қалаларында өз еліндегі президент сайлауына қатыса алады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Бұған дейін ҚР-дағы РФ елшілігі баспасөз қызметінің хабарлағанындай, Қазақстандағы Ресей елшілігінің және бас консулдықтарының жанындағы сайлау учаскелері келесі жерлерде орналасқан:
1.Астана - Ресей ғылым және мәдениет орталығы; 
2. Ақтау - Абай атындағы мәдени кешен; 
3. Ақтөбе - Оқушылар сарайы; 
4. Алматы - Ресейдің Бас консулдығы; 
5. Атырау - Құрманғазы атындағы Мәдениет үйі;
6. Қарағанды - Кеншілер мәдениет үйі; 
7. Көкшетау - «Көкшетау» мәдениет үйі; 
8. Қостанай - Облыстық Достық үйі; 
9. Павлодар - Естай атындағы Мәдениет сарайы;
10. Петропавл - Сәтпаев көшесі, 37 үй; 
11. Приозерск - 97-ші Офицеров үйі; 
12. Семей - Балалар пен жастар шығармашылық сарайы; 
13. Талдықорған - І.Жансүгіров атындағы мәдениет сарайы; 
14. Тараз - № 8 Төле би атындағы мектеп-гимназия; 
15. Орал - Мұсит көшесі, 78 үй; 
16. Өскемен - Ресейдің Бас консулдығы; 
17. Шымкент - Оқушылар сарайы. 
Сонымен қатар, Қордайда (16 наурыз) және Қызылордада (15 наурыз) мерзімінен бұрын көшпелі дауыс беру ұйымдастырылған. 
Қазақстандағы Ресейдің елшісі Алексей Бородавкиннің ТАСС-қа хабарлауынша, Қазақстанда РФ-дағы президент сайлауының заңға сәйкес өткізілуіне барлық жағдай жасалған. Оның берген ақпаратына сәйкес, консулдықтың есебінде Қазақстанда тұрақты түрде тұрып жатқан 65 мың ресейлік тіркелген. Сонымен қатар, РФ азаматтары Қазақстандағы бизнес-құрылымдарда еңбек етіп, білім тәжірибесін бөлісу жұмыстарына қатысуда. Мемлекеттік мекемелер желісінде іссапарда жүргендер де бар. 
«Сайлау процесінің ұйымдастырылуына, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, сайлау учаскелерінің күзетілуіне қазақстандық әріптестер көмектескенін атап өту керек. Қазақстанның әртүрі қалаларында - 18 сайлау учаскесі мен Байқоңыр аумағында тағы бірнеше сайлау учаскесі бар», - деді ол. 
Елшінің айтуынша, Астанадағы сайлау учаскесінің ашылуының алғашқы кезеңінде 50 адам келіп дауыс беріп кеткен. Сайлаушылардың белсенділігі ерекше болып отыр. 
Еске сала кетсек, бүгін Ресейде президент сайлауы өтіп жатыр. 2018 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтерге сәйкес, Орталық сайлау комитеті дауыс беруге құқылы 110 миллион 858 мың 228 сайлаушының барын жариялаған. Олардың 108 миллион 968 мың 869-ы Ресейде, 1 миллион 889 мың 359 адам шетелде дауыс бере алады. 
РФ СІМ ресми өкілі Мария Захарованың хабарлауынша, әлемнің 145 еліндегі 378 учаскеде ресейлік азаматтар сайлауға қатыса алады. Мемлекеттің президенттігіне: ЛДПР көшбасшысы Владимир Жириновский, КПРФ атынан бизнесмен Павел Грудинин, «Гражданская инициатива» партиясының тележүргізушісі Ксения Собчак, «Яблоко» партиясының негізін қалаушы Григорий Явлинский, бизнес-омбудсмен, Рост партиясының төрағасы Борис Титов, «Коммунисты России» партиясының атынан Максим Сурайкин, «Российский общенародный союз» партиясының көшбасшысы Сергей Бабурин, сонымен қатар, қазіргі президент Владимир Путин түсіп жатыр. Путинді «Единая Россия», «Справедливая Россия», «Родина», «Патриоты России» партиялары мен қоғамдық ұйымдар қолдап отыр.
18 наурыз 2018 ж. 1 091 0