БОЛАШАҚҚА БАҒЫТ БЕРГЕН
Қашанда елім деп еміренетін Елбасы бұл жолы да нақты іске асуы тиіс міндеттерді алға тартты. Негізгі мәселелерді алдыңғы кезекке қойып, бес бастамада оны шешудің жолдарын ұсынды. Соның біріншісі «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру». Жыл сайын тұрғын үйге мұқтаж азаматтар саны өсіп келеді. Көптің жағдайы жаңа баспана алуға шамасы келмейді. Бір жалақыға қарап отыратын отбасылар енді баспаналы болудың мүмкіндігі артады.
Екінші бастама жалақысы төмен азаматтарды қолдау тетігі. Алдағы жылдан бастап салық жүктемесі 10 есеге азайып, бір пайыз салық салу ұсынылды. Осындай жеңілдіктер арқылы жалақы мөлшері көбейетін болады. Үшінші бастама әрбір отбасына ерекше қуаныш әкеледі деп ойлаймын. Себебі, әрбір ата-ана баласының жақсы білім алып, бір мамандық иесі атанғанын қалайды. Баласының оқу грантына қол жеткізіп, жатақханамен қамтылуын армандамайтындар кемде-кем. Биылғы оқу жылынан бастап 20 мыңға артатын гранттың басым бөлігі техникалық мамандықтарға бөлінеді. Бұл қамқорлыққа айтар алғысымыз шексіз. Кез-келген адам өз кәсібін ашуға құқылы. Шағын несие беруді көбейту Үкімет алдындағы міндет. Сондықтан кәсіпкерлікті дамыту үшін бағдарламаларды орындауда жеңілдетілген түрін тиімді пайдалану қажет. Қағазбастылықты азайту талаптарды жеңілдету өз ісін бастаушыларға маңызды мүмкіндік.
Бесінші бастама: «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру». Бұл бағыт еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға, жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталады. Барлық өңірлерді қамтамасыз ету қажеттігін тапсырған Елбасы, оған тиісінше қаражат тарту қажеттігін айтты.
Өткенге салауат, келешекке үмітпен қарайтын еліміздің тарихи кезеңдерін саралап, халқымыздың бірлікте өмір сүруін тілеген Елбасы аталған міндеттерді жүзеге асыруға үндеді. Осындай жауапкершілік барда, сенім де нығайып, көңіліміз нұрлана түсері анық.
Г.Алашбаева,
аудандық қазынашылық
бөлімінің бас маманы
аудандық қазынашылық
бөлімінің бас маманы