ЕЛГЕ ЕРЕКШЕ ҚАМҚОРЛЫҚ
Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуі әрбір қазақстандыққа жасалған қамқорлық деп білемін. Себебі әрбір бастама ең бастысы әлеуметтік қорғау шараларына бағытталған. Кез-келген отбасында баспана мәселесі зор маңызға ие. Қазір тұрақты жұмысы бар адам баспанасының болатынына сенімді болады. Тиімді несие бағдарламасын ұсынған Елбасы болашақта тұрғын үй алушылар үшін зор мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде шағын және орта бизнес өрістеп, жаңа жұмыс орындары ашылады деген сөз.
Сонымен қатар, Елбасы ұсынған салық жүктемесін азайту, жоғары білім алудың қолжетімділігін арттыру, шағын несие беруді көбейту, елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру барша қазақстандықтарға игі әсерін тигізді. Бұл маңызды бастамалар арқылы мемлекетіміздің тұғыры берік, іргесі мықты болары сөзсіз.
Б.ЕСНАЗАР,
аудандық мәслихат депутаты
аудандық мәслихат депутаты