Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкімшілік қамауға алынды

Әкімшілік қамауға алынды

Қызылорда облысы Полиция департаменті, Сырдария ауданының Полиция бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері және жергілікті полиция қызметі бөлімшелерінің жеке құрамы әйелдерге қатысты қылмыстардың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ азаматтар арасында ақпараттық, білім беру, құқықтық түсіндіру бойынша жұмыстарын жалғастыруда.

Оның бір дәлелі – 2021 жылдың шілде айының 24 жұлдызында 102 нөміріне түскен хабарлама бойынша қаралған іс. Осы кент тұрғыны азаматша А.Д арызы негізінде күйеу баласы Қ.А алкогольдік ішімдік ішіп келіп, мазасын алып, үйінің берекесін алғаны анықталған. Азамат Қ.А Сырдария ауданының Полиция бөлімінің шығарған қорғау нұсқамасының талаптарын бұзғаны үшін ҚР-сы ӘҚБтК-нің 461-бабына сәйкес аудандық сотымен екі тәулікке әкімшілік қамаққа алынған. Оған ішімдік ішуге тыйым салуды көздейтін 3 ай мерзімге ерекше талап қойылды.

Тұрмыстық зомбылықта көбіне зардап шегетін – әйелдер мен жас балалар. Алайда осы кезге дейін қоғам бұл проблемаға зейін қойып көрген жоқ. Бала үшін ата-анасының үйі әрқашан ең қауіпсіз жер бола бермейтінін айғақтайтын фактілер жиі кездеседі. Балаларға, әсіресе кішкентай балаларға зорлық-зомбылықтың үй, отбасы ішінде көрсетілуі көзге түсе қоймағандықтан, көп жағдайда мойындалмайды.
Осындай оқиғалардың алдын алып, қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықты болдырмау мақсатында бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасын таба беретін болады.

Сырдария аудандық полиция бөлімі

27 шілде 2021 ж. 305 0