Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Бір азамат екі тәуілікке қамалды

Бір азамат екі тәуілікке қамалды

Ағымдағы жылдың 09-16 маусым аралығында «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілуде.

Іс-шара барысында Сырдария аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен біршама жұмыстар жүргізілуде. Жедел-профилактикалық іс-шарада отбасы тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін 3-азаматқа қорғау нұсқамасы шығарылып, Пб-нің профилактикалық есебіне алынды. 1-тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы бойынша шығарылған қорғау нұсқамасын бұзғаны анықталып, жинақталған іс-құжаттар аудандық сотқа жолданған еді. Аталған азамат сот Қаулысымен 2 тәулікке қамауға алынды.

– Әрбір жасалған қылмыстардың жасалайын деп жатқан қылмыстардың алдын алу, дер кезінде хабар беру, тек қана полиция қызметкерлерімен ғана шектелмейді. Оған қоғам болып атсалысқан жағдайда қылмыстылыққа жол берілмейді. Сондықтан баршаңызды қылмысты болдырмауға атсалысуға шақырамыз, – дейді аудандық полиция бөліміне қарасты әйелдерді зорлық-зомбылық қорғау тобының инспекторы, лейтенант Н.Байжанов.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
15 маусым 2021 ж. 652 0