Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаруды құқық қорғау органдарына өткізіңіз!

Қаруды құқық қорғау органдарына өткізіңіз!

Сырдария аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Н.Ибраевтың мәлімдеуінше, аудан аумағында атыс қаруларын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясы өткізіледі. Министрліктің тапсырмасымен жүзеге асатын іс-шара сәуір айының 20-на басталады.
Бүгінде іс-шараны ұйымдастыру жұмыстарына сәйкес Қызылорда облыстық полиция департаменті тарапынан арнайы нұсқау берілген. Онда қоғамдық-қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және атыс қарулары мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алуға айрықша басымдық берілген және тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу міндеттелген.
Сырдария аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Н.Ибраевтұрғындардың аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесіне хабарласып, мәлімет ала алатынын атап өтті. Сондай-ақ, құқық қорғау органына өткізілген атыс қару, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар үшін қаржы төленетінін жеткізді.
– Атыс қарулары, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар адамдар үшін қай кезде де қауіпті. Аса ауыр қылмыстық оқиғалар атыс қаруларын қолдану арқылы орын алады. Осыған орай қауіпті құралды үйде сақтағаннан гөрі, оны мемлекетке өткізген дұрыс. Бұл акцияның басты міндеті – атыс қарулары мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу болып табылады. Сондықтан аудан тұрғындарына қаруды құжатпен, рұқсатпен ұстауға немесе осы акция аясында өткізуге шақырамыз, – дейді аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы С.Кеукенов.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ
15 сәуір 2021 ж. 640 0