Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Аудан әкімі балабақша жұмысымен танысты

Аудан әкімі балабақша жұмысымен танысты

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Тереңөзек кентіндегі "БАҚ-НҰР бөбек 2" балабақшасының қазіргі хал-ахуалымен және алдағы жұмыс жоспарларымен танысты.

Қазіргі карантин талаптарына сәйкес тойхана ғимаратын жеке балабақша ретінде қайта бағыттап, толық жабдықтаған кәсіп иесінің жұмыстарына сәттілік тіледі.

«Бала тәрбиесі ол үлкен және жауапты іс. Елін сүюге, имандылыққа, қазақ тілін қадір тұтуға үйретудің маңызы зор. Осы қасиеттерді "БАҚ-НҰР бөбек 2" балабақшасының тәрбиешілері балалардың бойына сіңіру бағытында жұмыс жасайтынына сенімдіміз», - деді аудан әкімі Мұрат Ергешбаев.

Бүлдіршіндердің бүгінгі күннің қалыбына және жасы мен даму ерекшеліктеріне сай білім алуы – күн тәртібінде бірінші тұрған мәселе болғандықтан, аудан көлемінде бүгінге дейін осы мәселе төңірегінде тұрақты жұмыстар атқарылып келеді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
15 шілде 2021 ж. 612 0