Ардагерлердің ақ батасын алды
Аудан әкімі Мұрат Ергешбаев аудандағы алғашқы жұмыс аптасын аудан ардагерлерімен кездесуден бастады. Алдымен, қай істе де тілекші болып жүретін ардагерлердің батасын алып, іргелі ауданды ілгерілету жұмысына кірісті.
Ардагерлермен жүздесуде аудан басшысы ауданның даму перспективаларын атап, алдағы міндеттерді саралады.
– Сырдария ауданы – қасиетті өлке. Бұл ауданның өсіп-өркендеуі қарқынды екенін білемін. Сондықтан өркенді ауданды басқаруды зор жауапкершілікпен қабылдап, іргелі ауданды дамыту бағытында жұмыстарды өздеріңізбен бірлесе отырып атқаратын боламыз. Бұл істе ардагерлер әркез қолдау білдіреді деген сенімдемін, – деді аудан әкімі Мұрат Нәлхожаұлы.
Кездесуде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Хайролла Әбенұлы аудан әкімі М.Ергешбаевтың осы өлкеде өсіп-өнгенін атап, елге қызмет етуде сәттілік тіледі. Сондай-ақ жүздесуде «Сырдария ауданының Құрметті азаматтары», еңбек ардагерлері Алма Бақтиярова, Ұлмекен Жанәлиева, Шынтас Зетов және аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Марат Омаров сөз сөйлеп, жылы лебіздерін жеткізді.
Айта кетейік, аудан әкімі осы күнге дейін жұмыс кестесіне сәйкес барлық бөлім басшыларын қабылдап, тиісті тапсырмаларды жүктеді.
Ердос БЕРКІНБАЕВ