Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Арал ауданында төтенше жағдай жарияланды

Арал ауданында төтенше жағдай жарияланды

Арал ауданындағы қуаңшылық жағдайына байланысты ағымдағы жылдың 23-маусымда өткен аудандық комиссияның кезектен тыс отырысында төтенше жағдай жариялау туралы ұсыныс енгізілген болатын. Ұсынысқа сәйкес Арал ауданында төтенше жағдай жарияланды. Төтенше жағдайға 1 млрд 936 млн тг бөлінбек. Оның бір бөлігі облыстық бюджеттің резервінен қалғаны республикалық бюджеттен қаралады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Арал ауданының әкімі Серік Сермағанбетов мәлімдеді.

Орын алған жағдайларға жан-жақты зерделеу жұмыстары жүргізілді. Шөп шығымына байланысты ауылдық округтер, «қызыл», «сары», «жасыл» аймаққа бөлінді. Оның ішінде қызыл аймаққа 13 ауылдық округ, сары аймаққа 6, жасыл аймаққа 4 ауылдық округ енгізілді. Ауданда жалпы 200 мыңнан аса төрт түлік бар. Оған қажетті жем-шөп көлемі 184 мың тоннаны құрап отыр. Ауданнан 35 мың тоннадан аса шөп жинау көзделсе, өзге өңірлерден 146 мың тонна мал азығын алдыру қарастырылуда.

Сондай-ақ, Арал қаласынан және 12 елді мекеннен ерікті азаматтардан жасақтар құрылды. Бүгінде олар Қазалы ауданының Қарашеңгел, Көларық округінен, Қармақшы ауданының Жаңажол ауылындағы және Сырдария ауданы Н.Ілиясов және Шіркейлі ауылдарының шабындық жерлерін шабуға жұмылдырылды. Сонымен бірге, көршілес Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданынағы жергілікті шаруашылықтармен кездесіп, шөп бағасын қолжетімді етумен қатар шабындық жерлерді оруға келісімдер жасалды.

«Алдағы уақытта Сырдария өзенінің бойындағы жайылымдық, шабындық, егістік және Ақшатау, Қамыстыбас көлдерін суландыратын 8 канал тазаланбақ. 49 ұңғыманың 15-ін іске қосу жоспарланып отыр. Шөп тасымалына кететін жанар-жағар май шығындары да есепке алынды. Ауданда ауа райының жаз мезгілінде қатты ыстық болуымен шөптің шықпауынан құмды дауылардың күшейіп, құм көшкіндерінің әсерінен жолдардың жабылуы, әлеуметтік нысандардың құм астында қалу фактілері 6 елді мекенде орын алған. Бұл да іс шара жоспарына енгізілді», - дейді Серік Сағитжанұлы.

Айта кету керек, Арал ауданындағы қуаңшылық жағдайынан 559 мал басының өлімі тіркелді. Облыс әкімдігімен мал өлімінің алдын алу, қауіпсіздік шараларын күшейту үшін суаттар мен көл жиектеріне еріктілер көмегімен кезекшілік жұмыстары ұйымдастырылып, САLL-орталығы іске қосылды. Сондай-ақ, пада мәселесі күшейтіліп ветеринариялық топтармен ауру малдарға тегін емдеу жүргізілді. Бұл өз кезегінде мал өлімін тоқтатуға септігін тигізді.
14 шілде 2021 ж. 269 0