Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Елорда күнімен құттықтады

Аудан әкімі Елорда күнімен құттықтады

Құрметті сырдариялықтар!
Сіздерді Елорда күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Егемен еліміздің бас қаласының құрметіне белгіленген бұл мереке әрбіріміз үшін ерекше ыстық. Абыройы асқақ шаһар Қазақстан халқының рухани өрлеуінің тірегіне, бірлігі мен ынтымағының белгісіне, еліміздің жасампаз жеңістерінің көрінісіне және қазақстандық арманның іске асуының айқын дәлеліне айналды.
Астана – Азаттық пен Тәуелсіздіктің символы, елдің, халықтың, қоғамның жаңа тарихының бастауы. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тарихи және тағдырлы шешімі Сарыарқа төсінен ғажайып қаланың салынуына негіз болды.
Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы – әлемдегі ең жас елорданың қатарында. Қонақжай қала көптеген елдерден ағылған саяхатшыларды өзіне тартып, аз уақыт ішінде ірі халықаралық шаралар мен маңызды оқиғалар өтетін орталыққа айналды. «ЭКСПО» бүкіләлемдік көрмесін өткізу орны ретінде Нұр-Сұлтан қаласының таңдалуы, көптеген халықаралық іс-шаралардың өтуі – Есіл жағасындағы еңселі елордамыздың әлемдік қауымдастық алдында мойындалуы.
Бас қаланың сәулет өрнектерінде және бейбітшілік сүйгіш рухында Шығыс пен Батыстың ғасырлар бойғы дәстүрлері өрілген, Қазақстан халқының барша мәдени және рухани байлығы бас қосқан. Сондықтан да сәні мен сәулеті жарасқан елордаға «Астана – бейбітшілік пен келісім қаласы» атағы берілді.
Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды жарқын мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге бақытты да баянды өмір, зор денсаулық, қажымас қайрат, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш, құт-береке тілеймін.
Елордамыз – Нұр-Сұлтан халқымыздың тұтастығының, ынтымағының, берекелі тірлігінің, еліміздегі бейбітшілік пен келісімнің белгісі бола берсін!
Астанамыз гүлденіп, өркендей берсін!

Құрметпен, Мұрат Ергешбаев,
Сырдария ауданының әкімі
06 шілде 2021 ж. 469 0