Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Еріктілер көшпелі көрмелер ұйымдастырады

Еріктілер көшпелі көрмелер ұйымдастырады

Алдағы уақытта, аймағымызда қайырымдылық марафоны аясында көшпелі үйірмелер ұйымдастырылмақ. Себебі, шет аймақ тұрғындары еріктілер өткізетін іс-шаралардан тыс қалуда. Бұл өз кезегінде шалғайдағы ауыл халқы үшін жасалып жатқан үлкен мүмкіндік. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "Волонтерлар фронт офисінің" жетекшісі Болатбек Айтбенбетов мәлімдеді.

Жалпы, 1 наурыздан бастап сырбойылық волонтерлар «30 игі іс» аясында қайырымдылық марафонын бастаған болатын. Соған сәйкес «Волонтерлер фронт-офисы», «Зекет», «Ел-арай», «Шын жүректен Қызылорда» қоғамдық қорларымен бірлесіп, 4256 отбасына азық-түлік себеттері, ауыз ашар қоржындары үлестірілді.

Облыстық жастар орталығы ғимаратында «Hand Made Qyzylorda» атты мүмкіндігі шектеулі жандардың қолөнер көрмесі өткізілді. Көрмеге 30-дан астам мүмкіндігі шектеулі шеберлердің туындысы қойылып, 120-ға жуық көрермен қатысты.

Сонымен қатар, балалар күні мерекесінде тұрмысы аз қамтылған отбасының балаларына 8 компьютер мен 2 ноутбук сыйға берілді.10 отбасы тұрмыстық техникамен қамтылды. Ал, «Донор бол» акциясына сай 170 адам қан тапсырды.

Айта кету керек, облыстық жастар орталығы жанынан «Әлеуметтік жәрмеңке» де ұйымдастырылып, онда 200-ден астам адамға әлеуметтік көмек көрсетілді.

01 шілде 2021 ж. 279 0