Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАСТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ҚОЛДАЙДЫ

ЖАСТАР ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫН ҚОЛДАЙДЫ


Жастар жылын мазмұнды әрі тиімді атап өтуде әрбір жастың ойын, ұсынысын ескеру міндет. Сондықтан облыстық «Жас Отан» Жастар қанаты қараша айында жастар ұсыныстарын қабылдау мақсатында «Jas Otan Orda» ресми сайтын іске қосады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында «Жас Отан» Жастар қанаты» қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Талғат Тілес мәлімдеді.
Филиал төрағасы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қазіргі таңда жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесі көңіл алаңдататынын айтты.
- Елбасының өткен Жолдауында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын 2025 жылға дейін созуды жүктегенін болатын. Осы орайда, аймақ басшысының бастамасымен облыстық мәслихат, облыстық «Нұр Отан» партиясының, қоғамдық кеңестің шешімімен Қызылорда облысында 2018-2020 жылдар аралығын жаппай кәсіпкерлікті дамыту жылдары деп жарияланды. Бұл қабылданған шешім өз кезегінде жастар арасындағы кәсіпкерліктің дамуына ерекше импульс берері сөзсіз. Елбасымыздың өзі Сырды Алаштың анасына балады! Киелі мекенде келер жылы аймақ басшысының келісімімен республикамыздың белсенді жастары Сыр елінің тұнған тарихымен, мәдениетімен, табиғатымен танысу мақсатында «Жас Отан» Жастар қанатының «Жастар-Отанға!» республикалық лагерін облысымыздағы Қамбаш көлінде өткізуді ұсынамыз, - деді Т. Тілес.
Брифингте сөз алған "Жылы жүрек" еріктілер тобының жетекшісі Сағатбек Сиюов Елбасы Жолдауындағы жастар мәселесі қатысты өз пікірін білдіріп, ұсынысын айтты.
- Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың әр Жолдауы ерекше. Бұл Жолдауда 2019 жыл "Жастар жылы» деп жариялап, жас буынға үлкен үміт артып отыр. Мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз орта қалыптастыру оларға арналған түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылса. Тағы бір айта кетерлігі, мүмкіндігі шектеулі жандардың қолынан шыққан қолөнер бұйымдарын сататын орталықтар ашылса деген ұсыныстарым бар»,- деді С. Қуанышбайұлы.
24 қазан 2018 ж. 1 097 0