5 мыңға жуық «Ауызашар себеті» таратылды

- Өңірде наурыз айынан бастап "Қайырымды істер" марафоны басталды. Аталған акция барысында аймақтағы мыңдаған тұрғынға жерігілікті жомарт жандар тарыпан қолдау көрсетілді. Атап айтсақ, "Зекет" қайырымдылық қоры, мешіт имамдары мен жамағат бірлесе отырып аймақтағы аз қамтылған 2000 отбасына, "Халық" қайырымдылық қоры қала аумағындағы 1000 отбасына, «Ел-Арай» қоғамдық қоры 50 отбасына азық түлік үлестірді. Аймақ басшысының бастамасымен облыстық жастар ресурстық орталығының, мешіт қызметкерлері мен волонтерлар фронт офисінің еріктілерінің қатысуымен 5 мыңға жуық «ауызашар себеті» таратылды, - деді Болатбек Айтбенбетов.