«Қауіпсіз тағам таңда!» атты акциясы
Сырдария аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және «Ұлттық сараптама орталығы» Қызылорда облыстық филиалының Сырдария аудандық бөлімшесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру бөлімі мамандарының ұйымдастырумен аудан бойынша «Қауіпсіз тағам таңда!» тақырыбында акция өткізілуде.
Акцияның негізгі мақсаты - тұрғындар арасында дұрыс тамақтануды қалыптастыру, жеке бас және қоғамдық гигиенаны сақтау, жедел ішек ауруы және тамақтан улану жағдайларының алдын алу, тұтынатын тауарлар мен тамақ өнімдерінің құрамын, сапасын, сараптамадан қалай өткізілетіндігін, тұтынушылардың сауда жасауда құқықтарының бұзылмауын түсіндіру сияқты жалпы халыққа қажеттті ақпарат беруге бағытталады.
Бұл шара кент орталығында орналасқан «Өркен» сауда дүкенінде жалғасып, акция барысында тағам өнімдерінің экспресс әдісімен 3 үлгі сүт өнімдерінің қышқылдығын анықтауға тәжірибе жасалып, нәтижесінде санитариялық талаптарға сәйкессіздік анықталған жоқ және микробиологиялық зерттеуге 3 сүт, декреттелген топ мүшелері арасында 3 төтенше зерттеу сынамасы алынды.
Сонымен қатар, аталған тақырыпта тұрғындар арасында сауалнамалар жүргізілді. Сауалнамаға 13 тұрғын қатысты, нәтижесі қанағаттанарлық. Жедел ішек ауруларының алдын-алу мақсатында, тұтынушылар арасында санитарлық ағарту жұмыстары жүргізілді. Барлығы 54 дана үнпарақшалар таратылды.
Осы орайда, кент тұрғындары азық-түліктердің сапасы жайлы ақпараттарға қанығып, мамандарға сұрақтар қойды.
Балтабай ОРДАБЕКОВ