Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ӘКІМІНІҢ МЕРЕКЕЛІК ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

АУДАН ӘКІМІНІҢ МЕРЕКЕЛІК ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ


«8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай аудан әкімі Ғанибек Қазантаев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан ақ жаулықты аналарды және қазіргі таңда жемісті жұмыс жасап жүрген қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады. Аудан әкімі мерекелік қабылдауда егемен елдің өркендеуі жолында әйелдер қауымының алар орны ерекше екенін айтып, игі тілегін жеткізді.

– Көктем мерекесі құтты бослын! Шуақты мереке көңілдеріңізге қуаныш сыйлап, жүздеріңізден күлкі кетпесін. Әрқашан шаңырақтарыңызда береке-бірлік, жылылық орнасын. Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт, отбастарыңызға амандық тілеймін,- деген аудан әкімі Ғанибек Қазантаев азаматына тірек, ұрпағына үлгі болған аналар өскелең ұрпаққа әркез өнеге екенін атап өтті.
Мерекелік қабылдауда ауданның құрметті азаматы, еңбек ардагері А.Бахтиярова, ҚазССР  Жоғарғы Кенесінің  екі мәрте депутаты болған Б.Синаева, Қазақ ССР-нің ауыл шаруашылығына еңбегі сіңген қызметкері С.Өмірзақова, «Ы.Алтынсарин» медалінің иегері, білім саласының ардагері А.Ізбасарова, Ассамблея мүшесі Н.Быстряковалар сөз сөйлеп, мерекеде құрмет көрсеткені үшін аудан басшысына алғыстарын жеткізді. Аналарға аудан әкімінің Құттықтау хаты, естелік сыйлықтар мен гүл шоқтары берілді.

Е.СӘРСЕНБЕКҰЛЫ
07 наурыз 2018 ж. 1 382 0