Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН: ШЫНАЙЫЛЫҒЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН: ШЫНАЙЫЛЫҒЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ


Цифрлық трансформациялау идеясын әлемдік тренд деуге болады. Цифрлық технологиялар көптеген елдердің экономикасын дамытуда маңызды рөлге ие. Цифрландыруды қалай дұрыс дамыту қажет, әлемдік тәжірибе қандай, Қазақстанның ілгерілеуге қандай мүмкіндіктері бар екенін анықтауға бізге Зерде ұлттық ақпараттық-коммуникациялық холдингінің басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев көмектесті. Бұл туралы Primeminister.kz шолу материалынынан оқыңыздар.
Әлемдік «цифрлық қадамдар»
Қазіргі уақытта көптеген елдерде цифрландыру дамудың стратегиялық басымдығы болып табылады. Әлемдік жетекші сарапшылардың болжамдарына сәйкес, 2020 жылға қарай әлемдік экономиканың төрттен бір бөлігі цифрлық болмақ, және мемлекетке, бизнеске және қоғамға тиімді өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін экономиканы цифрландыру технологияларын енгізу ауқымды және динамикалық үдеріске айналып келеді.   
Әлемнің 15-тен астам елі цифрландырудың ұлттық бағдарламаларын іске асыруда: Дания, Норвегия, Ұлыбритания, Канада, Германия, Сауд Арабиясы, Үндістан, Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур, Австралия, Жаңа Зеландия және Қазақстан.
Қытай өзінің «Интернет плюс» бағдарламасында цифрлық индустрияларды дәстүрлімен ықпалдастырады. Сингапур «Ақылды экономиканы» қалыптастырады, Канада Торонтода АКТ-хаб құрады. Ал, Оңтүстік Корея «Креативті экономика» бағдарламасында адами капиталды дамытуға, кәсіпкерлікке және АКТ жетістіктерін таратуға бағыт алады, ал Дания мемлекеттік секторды цифрландыруды көздейді.
«Көріп отырғанымыздай түрлі елдер цифрлық түрлендіру саласында алдына түрлі басымдықтар қояды. Біздің жағдайымызда “Цифрлық Қазақстан” бағдарламасында біз тұрақты экономикалық өсімге жету үшін цифрлық экожүйенің ілгерінді дамуын күтеміз», — деп атап өтті Руслан Еңсебаев.
Қазақстан цифрлық даму эволюциясында
Қазақстан «басынан» бастамайды, 90-шы жылдары үдемелі индустриялық инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарлама іске қосылды, «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасына бастамашы болды, 2005 жылы электронды үкіметті қалыптастыру жұмыстары басталды. Сондай-ақ, бүгінгі таңда Қазақстанда инновациялық экожүйенің бірқатар элементтері құрылды, «Алатау» ИТП» арнайы экономикалық аймағы, «Назарбаев университеті» жұмыс жасайды, Astana Нub халықаралық технопаркі іске қосылды.
Биылғы Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпінді қамтамасыз ететінін атап өтті. Осыған байланысты Елбасы цифрлық технологияларды қолданумен құрылатын жаңа индустрияларды дамыту бойынша міндетті алға қойды.
Мемлекеттік бағдарлама бес негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады:
Экономика салаларын цифрландыру — цифрлық технологияларды қолдану және енгізу арқылы Қазақстан экономикасының дәстүрлі секторларын түрлендіру;
Цифрлық мемлекетке көшу — қажеттіліктерді болжай отырып, қызмет көрсету тәсілдерін және мемлекеттің азаматтармен және бизнеспен өзара қарым-қатынасын түрлендіру;
Цифрлық Жібек жолын іске асыру — ел ішінде де, транзиттік әлеуетті іске асыру үшін де деректерді беру, сақтау және өңдеудің жоғары жылдамдықты және қауіпсіз инфрақұрылымын дамыту;
Адам капиталын дамыту — жасампаз қоғам құруды қамтитын өзгерістер;
Инновациялық экожүйені құру — бизнестің, ғылыми саланың және мемлекеттің тұрақты байланыстарымен технологиялық кәсіпкерлікті және инновацияларды дамыту үшін жағдай жасау.
 Цифрландыруда жалғыздың шаңы шықпас
Екінші ақпанда Алматыда Н. Назарбаевтың бастамасымен ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшылары мен цифрлық технологиялар саласындағы халықаралық сарапшылардың қатысуымен «Жаһандандыру дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» халықаралық форумы өтті.
Форум жалпы нарық және жаһандық аумақта бәсекеге қабілеттілікті жылдам дамыту шектеріндегі ұлттық экономикалардағы цифрлық түрлендіруді іске асыру қажеттілігін айқын нақтылады.
Руслан Еңсебаевтың айтуынша, ЕАЭО елдері базалық бастамалар мен тәсілдердегі кейбір айырмашылықтар бастапқы позицияда және елдердегі цифрлық үдерістерді синхрондаудағы практикалық мақсаттылықты түсінеді.
«ЕАЭО-да цифрлық әлемде өз орны үшін басқа мемлекеттермен және интеграциялық бірлестіктермен бәсекелесу үшін мүмкіндіктер, ресурстар мен құзыреттер бар», — деп есептейді Р. Еңсебаев.
 «Үнсіз келісім бойынша» — цифрлық дағдылар
Цифрландыру еңбек нарығында жұмыс істейтін кәсіптер құрамына қойылатын өндірістік талаптардың қазіргі жүйесінен айтарлықтай озық болып отыр. Цифрлық экономика халықтың оның өнімдерін пайдалануға мүмкіндік беретін цифрлық дағдыларға ие болуын талап етеді.
Бүгінде халықтың компьютерлік (цифрлық) сауаттылық деңгейі 76,2%-ды құрайды — бұл жаман көрсеткіш емес. Алайда алға қойған мақсаттарға жету үшін оны тек сандық жағынан емес, сапалық тұрғысынан да жақсарту қажет.
Осы мақсатта, Руслан Еңсебаевтың айтуынша, цифрлық экономикаға мамандарды даярлауда, бірінші кезекте, фактілер мен формулаларды жаттатқаннан көрі, ақпараттарды талдау және ойлаудың шығармашылық қабілетін дамыту дағдыларына басымдық беру керек.
Индустрия мен білім беруді жақындастыру мақсатында техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту үшін кәсіпорындарда ЖОО-лардың АКТ кафедраларын, сондай-ақ құзырет орталықтарын құру шаралары қарастырылған.
1. Орта білім беру
Қазіргі таңда ҚР БҒМ бірқатар бастамаларды енгізіп жатыр: Мәселен, 3-4 сыныптарда «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні енгізілді, ол оқыту мен күнделікті өмірде тиімді пайдалану үшін заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс істеудің жалпы негізгі білімдерін қалыптастырады.
2. Техникалық және кәсіптік, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім
ҚР БҒМ деректері бойынша үш мамандық негізінде таңдалған мамандық бойынша АКТ-ны тәжірибеде қолданудың базалық білімін қалыптастыратын «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні енгізілді.
Сондай-ақ, деректерді сараптау, робот құрастыру, нанотехнологиялар, сондай-ақ, BIM технологияларын қолдану, жасанды зерде, заттар интернеті, блокчейн арқылы өнімдер шығаратын жоғары білікті әзірлеушілер секілді жаңа сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіби стандарттарға және еңбек нарығына қойылатын талаптарға негізделген білім беру бағдарламаларын жаңартуға арналған іс-шаралар жоспарланып отыр.
Бүгінде Қазақстанда экономика салалары үшін АКТ мамандарын даярлау 11 мамандық бойынша 89 жоғары оқу орнында және 5 мамандық бойынша 318 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жүргізіледі.
3. Стартаптардың экожүйесі
Руслан Еңсебаевтың пікірінше, маңызды әрі қажетті шарт — класс ретінде технологиялық кәсіпкерлердің болуы, ірі жергілікті және халықаралық компаниялар – тапсырыс берушілер, ал орындаушылар – студенттер болатын технологиялық жобаларға арналған «тапсырыстар» жүйесін дамыту.
«Бүгінде бүкіл әлемде техкәсіпкерлер, инженер-өнертапқыштар мен инвесторлардың белсенді өзара әрекеттесу орындарында стартаптар мен инновацияларды дамыту үшін технологиялық кластерлер қалыптастырылуда. Мұндай жобаларды мемлекеттік деңгейде табысты жүзеге асыруға ықпал ететін технологиялық әртараптандыру елдердің экономикалық дамуының жоғары қарқынын және адам капиталын дамытуды қамтамасыз етеді», — деді Руслан Еңсебаев.
Бұл үшін Astana Hub құрылды, жыл басынан бері оның базасында жетілдірілетін стартаптарды іріктеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл 33 стартапты дамытып, дайын компаниялар деңгейіне шығару жоспарланып отыр. 2022 жылға дейін — шамамен 300 компания. Сондай-ақ, «Зерде» холдингінің серіктестері, ірі халықаралық IT-компаниялар үш R&D-зертхана (Research and Development) ашады. Олар өнеркәсіптік өндіріске жаңа өнімдер немесе технологиялар шығару үшін даярлық жұмыстары мен зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
 Цифрлық нәтижелер
Алдын ала бағалау бойынша, 2025 жылға қарай Қазақстан экономикасын цифрландырудан келетін тікелей пайда — қосымша 1,7 – 2,2 трлн теңгені құрайды. Осылайша 2025 жылға қарай жеке инвестицияларды ескере отырып, инвестициялардың жалпы көлеміне инвестицялардан 4,8 — 6,4 есе қайтарымды қамтамасыз етеді.
ЖІӨ тұрғысынан ең маңызды нәтижесі 12 негізгі жобаға түседі:
АT-стартаптардың халықаралық технопаркін құру (Astana Нub);
«Интеллектуалды кен орны» жобаларын іске асыру, Индустрия 4.0 технологияларын енгізу, модельдік фабрикаларды құру;
Paper-Free принципін енгізу;
Зияткерлік көлік жүйесін құру;
Электрондық сауданы дамыту;
ШОБ үшін цифрлық платформа құру (бірыңғай терезе);
Көлеңкелі айналымды қысқарту үшін тауарларды таңбалауға арналған ақпараттық жүйені дамыту;
Қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру;
Ашық платформаларды (Open API), Big Data және жасанды зердені дамыту;
Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде кеңжолақты желіні жүргізу;
Кедендік және салықтық әкімшілікті жетілдіру және электрондық мағлұмдауға көшу;
Smart City жобаларын іске асыру.
Цифрландыру экономикалық тиімділік пен бәсекеге қабілеттілікті арттырудан басқа, әлеуметтік салаларға да оң әсерін береді. Білім беру, денсаулық сақтау және инвестициялық ортада сапалы даму нәтижесі күтіледі. Бұл нәтиже ұзақ мерзімді келешекте әлемнің озық дамыған елдерімен әлеуметтік-экономикалық дамудың алшақтығын айтарлықтай төмендетеді.
12 наурыз 2018 ж. 1 182 0