ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ДАМУҒА БАСТАЙДЫ
Кеше облыс әкімі Қ.Көшербаевтың төрағалығымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындаған негізгі міндеттерді түсіндіруге арналған актив отырысы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Б.Өтегенова, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып қатысты.
– Күні кеше Мемлекет басшысы АҚШ-қа ресми сапармен барып, АҚШ Президенті До- нальд Трамппен кездесті, әлемдік саяси- экономикалық мәселелерге қатысты пікір алмасу маңызды әрі тарихи оқиға ретінде бағалануда. Әсіресе, АҚШ пен Қазақстан басшылары жаһандық қауіпсіздік, аймақтық тұрақтылық, экономикалық қатынас, энер- гетика мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. Ақ үйдегі екіжақты кездесудің осы тақырыптарға арналуы Қазақстанның Орталық Азия ғана емес, жалпы жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілік мәселелеріндегі рөлін байқатты, – деді өңір басшысы.
– Биылғы Жолдаудағы міндеттердің ең маңыздысы – тұрақтылық. Оны қамтамасыз ету үшін даму деңгейі мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек. Бұл мақсаттарға жету үшін елдің жаңа заманның жаңа шақыруларына лайықты жауап беретіндей қауқары мен интеллектуалдық әлеуеті жоғары болуы тиіс. Сондықтан Жолдауда қоғамның барлық салаларын цифрландыру, заманауи техноло- гияларды ендіру жайында кеңінен айтылды, – деген облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Жолдаудағы 10 міндет бойынша аймақта атқарылытын жұмыстар жөнінде тапсырмалар жүктеді. Әр міндетке тоқтала келе аймақ басшысы өткен жылғы жетістіктерді тізбектеп өтті.
Актив жиынында облыс әкімі өңірді газдандыру жұмыстары жалғаса беретінін тілге тиек етті.
– «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырының бойынан Тереңөзек, Жалағаш кенттерін газдандыруға арналған автоматты газ тарату станциясының құрылысын (АГРС) бастауға 1 млрд. теңге бөлуді жоспарлап от- ырмыз, – деді аймақ басшысы.
Өзге де салалардағы толайым табыстарға тоқталған өңір басшысы Жолдауда жүктелген әр міндет негізінде адамдардың біліктілігін арттырып, барлық салада жаңа техноло- гияларды енгізу қажеттігін атап көрсетті. Цифрлық технологияларды қолданғанда ғана заман көшіне еріп, ең дамыған отыздыққа енетінімізді айтты. «Ақылды технологиялар- ды» қолдана отырып, өнімділікті арттырған сәтте аймақтың өркендеуіне мол мүмкіндік ашылатынын жеткізді.
– Төртінші өнеркәсіптік революция – осы кезге дейінгі адал еңбектің жемісін көретін кезең десек те болады. Адам миымен қатар жұмыс жасай алатын жасанды интеллектіге негіз – жаңа супер-компьютерлер дүниеге келетін кезеңде адам болудың өзі не деген күрделі сауал туары анық. Алайда, жаңа тех- нология алып келетін жаңа дәуірде оның барлығы адамзаттың қолынан шығатынын ұмытпағанымыз абзал, – деген облыс әкімі Елбасы Жолдауының негізгі мәселелерін кең көлемде халыққа түсіндіріп, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуді тапсырды және бұл міндеттерді бірлесе атқаруға шақырды.
Актив жиыны барысында Жолдау шеңберінде жұмыс істейтін және басқа да жоспарланған шаралар туралы облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов, И.Жахаев атындағы күріш шаруашылығы қазақ ғылыми-зерттеу институының бас ғылыми қызметкері, «100 жаңа есім» бағдарламасының жеңімпазы А.Подольских, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары И.Ақжігітова, «Orda Glass Ltd» ЖШС басқарма төрағасы Е.Сағымбаев және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің есептеу техника- сы және ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі С.Ибадулла баяндады.
Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ