Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот ұжымы екпе салдырды

Сот ұжымы екпе салдырды

Сырдария аудандық сотының ұжымы аудандық емханада арнайы тексеруден өтіп, коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдырды.

Коронавирус инфекциясының таралуы қазіргі таңда біздің елімізді ғана емес, бүкіл әлемді алаңдатып отырған жағдай.

Аталған мәселеге Сырдария аудандық сотының ұжымы да жауапкершілікпен қарап, вирусқа қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында коронавирус инфекциясына қарсы екпе қабылдады.

Сырдария аудандық сотының ұжымы баршаңызды екпе салдыру мәселесіне жауапкершілікпен қарап, қауіпті індеттің таралуына жол бермеуге шақырады.

Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі
02 мамыр 2021 ж. 486 0