Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Халық қалаулылары екпе қабылдады

Халық қалаулылары екпе қабылдады

Бүгін облыстық мәслихат депутаты Расул Есенов бастаған халық қалаулылары вакцина қабылдады. Депутаттар Ж.Ембергенов, З.Жаманқұлов аудандық ауруханаға барып, арнайы тексерістен өтті. Жағдайлары қалыпты болып, вакцина салдырды.

— Қауіпті індетпен жұмыла күрессек жеңеміз. Ол үшін біздің ағзамыз мықты болып, қарсы күреске қауқарлы болуы керек. Осы мақсатта бүгін вакцина қабылдадым. Дәрігерлер вакцина салдырған соң күтіну керектігіне кеңес берді. Вакцинадан соң оның кері әсері болған жоқ. Сондықтан аудан халқын екпе қабылдауға шақырамын, — дейді Расул Әбутәліпұлы.

Айта кетейік, бүгін түске дейінгі уақытта 460 сырдариялық екпе қабылдады. Вакцина қабылдау үзіліссіз жүретінін назарларыңызға саламыз.

Ердос БЕРКІНБАЕВ
30 сәуір 2021 ж. 937 0