Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің орынбасары екпе салдырды

Аудан әкімінің орынбасары екпе салдырды

Кеше аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев «Спутник V» вакцинасын салдырды.

– Қауіпті індетке қарсы тұрып, аурудан қорғанудың жалғыз жолы – вакцина салдыру. Соған байланысты бүгін екпе салдырдым. Дәрігерлер «Спутник V» вакцинасын екі кезеңде салдыратынын айтты. Бүгін І типтік компонентін қабылдадым. Еш жағымсыз әсерлері байқалмады. Мамандар 3 күн сақтанып жүруді ескертті. Енді екенші кезеңін күтіп, індетке қарсы толық иммунитет қалыптастыруға нық сенімдімін. Осы кезде екпе салдырып, ауруға қарсы тұрмасақ, кейін кеш болуы мүмкін. Сондықтан сырдаряилықтарды вакцина салдыруға шақырамын. Баршаңызға амандық тілеймін, – дейді аудан әкімінің орынбасары.



17 сәуір 2021 ж. 514 0