Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бюро отырысы өтті

Бюро отырысы өтті

Кеше аудандық партия филиалының мәжіліс залында, аудандық Саяси кеңесінің Бюро отырысы өтті. Бюро отырысын «Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Талғат Тұрсынұлы Дүйсебаев ашып, жүргізді.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 111-1 бабына, «Nur Otan партиясы» қоғамдық бірлестігі Жарғысының 9.8. тармағына сәйкес және 2021 жылдың 10 қаңтарында өткен Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауына байланысты, «Nur Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалы» қоғамдық бірлестігі Саяси кеңесі Бюросы шешімімен 10 кандидаттан тұратын тізімді бекітіп, Сырдария аудандық мәслихатының VII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін аудандық сайлау комиссиясына жолдады.

Жалпы, аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының құрамы 30%-ға жаңарды. Тізімдегі 7 кандидат – праймериз жеңімпаздары, 3 кандидат Саяси кеңес Бюросының квотасы бойынша бекітілген.

Партия Төрағасының аудандық мәслихаттағы жастар мен әйелдердің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасы нақты іске асырылды. Яғни, аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жаңа құрамының 30%-ы әйелдер мен 35 жасқа дейінгі жастардан тұрады.

Негізінен аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» депутаттық корпусына білім саласы, мәдениет саласы, ауылшаруашылығы саласы және т.б. салалардың өкілдері енген.
14 қаңтар 2021 ж. 527 0