Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жол жөндеу жұмыстары басты назарда

Жол жөндеу жұмыстары басты назарда

Бүгін аудан әкімі Талғат Дүйсебаев «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Тереңөзек кентінде жөндеуден өткізіліп жатқан жол құрылысы жұмыстарын көрді. Мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, жол сапасына мән берді.

Мемлекеттік бағдарлама аясында биыл аудан орталығында Ғ.Мұратбаев, Д.Керейтбаев, Қазақ, Б.Өтепов, Қызылдихан көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Олардың ішінде мердігер мекеме «Нұр-Альтаир» ЖШС Д.Керейтбаев көшесінің орташа жөндеу жұмыстарын бүгінде толық аяқтады. Ал Ғ.Мұратбаев көшесіне, яғни аудандық емхана алдындағы автотұрақ аланына бардюр орнатылып, салқын асфальт төселген. Жолдың 350 метр бөлігіне құм аралас тас материалы төселіп, нығыздалған. Бұл жұмыстарды мердігер мекеме «Дарен строй Сервис» ЖШС жүргізуде.

Сондай-ақ қалған көшелерге де құм аралас тас материалы мен ұсақ қиыршық тас төселіп, енді асфальттау жұмыстары жүргізіледі. Қазақ, Б.Өтепов көшелерінің орташа жөндеу жұмыстарын «Сыр жолдары» ЖШС атқарып жатса, Қызылдихан көшесінің құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС жүргізіп жатыр. Бағдарлама негізінде 28 адам жұмыспен қамтылуда. Оған қоса, қазіргі таңда аудандық бюджет есебінен Б.Момышұлы көшесіне де орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған көшелерді аралап, мердігер мекеме өкілдерімен кездескен аудан басшысы жол сапасына аса мән беру керектігін атады. Күн салқындамай тұрғанда асфальт төсеп, көше жолы барлық талапқа сай болу қажеттілігін айтты. Көше жолдарының орташа жөндеу жұмыстары басты назарда екенін ескертті.

24 қыркүйек 2020 ж. 768 0