Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол сапасы тұрақты бақылауда

Жол сапасы тұрақты бақылауда

Бүгін аудан әкімі Р.Рүстемов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов,  «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Е.Жақып А.Тоқмағамбетов елді мекенінің кіре беріс жолына жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Өз кезегінде мердігер мекеме мен техникалық қадағалаушы ұйымының өкілімен жүздескен аудан әкімі Руслан Рүстемов жолдың сапасын құрылыс біткен соң емес кемшіліктерді алдын-ала анықтап, жою керектігін ескертіп, жергілікті азаматтарды жұмыспен қамту қажеттігін айтып өтті. Сонымен бірге «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының бірінші орынбасары Е.Жақыпқа «Нұрлы жол», «Ауыл – ел бесігі» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» мемлекеттік бағдарламалары аясында республикалық, облыстық және аудандық бюджеттерден бөлінген жол жөндеу жұмыстарын партиялық бақылауға алуды міндеттеді.
Айта кетейік, А.Тоқмағамбетов ауылдық округінің кіре беріс 5 шақырым жолын орташа жөндеуге «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 148,7 млн.теңге бөлінсе, 2020 жылға республикалық бюджеттен 87,6 млн.теңге қаржы қаралып отыр. Аталған жоба өтпелі кезеңді қамтиды, яғни жөндеу жұмыстарын 2021 жылға аяқтау межеленген.
25 мамыр 2020 ж. 586 0