Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Орман және даланы өрттен қорғайық!

Орман және даланы өрттен қорғайық!

Көктем-жаз айларында қатты ыстықтан шөп қурап, өртену қаупі туындайтыны белгілі. Далалы алқаптар, шабындық және жайылымдық жерлердің өртке орануына адамдар да себепші болып жатады.
Орман, дала өрті жағылған отты қараусыз қалдыру салдарынан болады. Мұндай жағдай көбінесе құрғақшылық мезгілде, ерте көктемде және күзде адамдардың далалық жерде демалып, ашық отты пайдалануда жауапсыздық танытуынан орын алады.
Орман және дала өртінің негізгі себептері мынадай:
– ауыл шаруашылық қалдықтарын өртеген кезде қауіпсіздік талаптарының бұзылуы;
– сөндірілмеген шылым немесе сіріңке;
– күннің көзі түсетін жерге тасталған шыны сынығына түскен күн сәулесі.
Қызылорда облысындағы құрғақ және желді климат, шөптесін өсімдіктердің көп болуы дала өртінің тез өріс алуына ықпал етеді. Ауқымды емес дала өртін сөндіру үшін желдің бағытын және өрттің таралу жылдамдығын анықтап, тұрғындарға ескерту қажет. Одан кейін көмекке шақыру үшін жақын жердегі ауылға хабаршы жіберіп, отты топырақпен көміп, үстіне су құйып, кішігірім отты таптау керек. Өрт сөнгеннен кейін кетуге асықпай, қайта тұтанбайтынына көз жеткізген дұрыс. Егер өрт аумағында болсаңыз және өз күшіңізбен сөндіру мүмкін болмаса, оның таралу бағытын және шығу бағдарын анықтап, құтқару қызметіне 101, 112 номері арқылы хабарлаңыз.
Сіздерден өрт қауіпсіздігі ережелерін назарға алуларыңызды сұраймыз. Сонда ғана дала және орман алқаптарын өрттен сақтап қаламыз. Сырдария ауданы төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінен жұмыс барысында әлдебір келеңсіз жағдайларды байқасаңыз 21-4-94 сенім телефонына хабарлаңыз.

Сырдария ауданы төтенше жағдайлар бөлімі
10 сәуір 2021 ж. 841 0