Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Зияткер жастың жетістігі

Зияткер жастың жетістігі

№35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің ұстаз­дары мен оқушылары білім биігінен кө­рініп келеді. Жақында іргелі білім ордасының жетістігі тағы да бір жақсы жаңалықпен толыға түсті.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің және «Хабар» агенттігі АҚ қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының түсірілімі ұйымдастырылды. Сәуір айы­ның 4-12 күндері аралығында өткен іс-шараға Сырдария аудандық білім бөлімінің ұйытқы болуымен №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Нұрбек Әбіләсан қатысып келді. Озат оқушының жетек­шісі – тарих пәнінің мұғалімі Кенже Тұрғанбекова.

– Білімге құштар оқушыларға шығар­машылық шабыт сыйлау – біз­дің басты мақсатымыз. Бүгінде мектеп-лицейдің оқу­шыларына ғылы­ми тұрғыда бағыт-бағдар беріліп, тұрақты түрде қолдаулар көрсетілу­де. Оқушыларымыздың ау­дан­дық, облыстық, республикалық білім бәсекелеріне қатысып, марапатталуы ұжымдағы қажырлы еңбектің жемісі. Алдағы уақытта да ұстаздар үмітін ақтайтын жеткіншектер алтын ұя мектебін қуантады деп сенемін, – дейді мектеп-лицей директорының бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Жанна Сәркеева.

Айта кетейік, «Nur Orda Media» ком­пания­сында өткізілген іс-шара бола­шағынан көп үміт күттіретін Нұрбек Әбіләсанға зор шабыт сыйлады. Оқушы­ның ұйымдастырушылар тарапынан арнайы сертификатпен марапатталуы – білім ордасының және ұстаздарының еңбегінің жемісі. Озат оқушыға сапалы білім, саналы тәрбие берген пән мұғалімдеріне алғыс айтып, марапатымен құттықтаймыз!

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ 
17 сәуір 2021 ж. 1 120 0