Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 51 газет

12 шілде 2025 ж.

№ 50 газет

09 шілде 2025 ж.

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК АКЦИЯСЫ

МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК АКЦИЯСЫ


Бүгінде қайырымдылық акциялары кеңінен ұйымдастырылып, көпшіліктің назарынан тыс қалып жатқан жоқ. Өз денгейінде өткізілген шаралар легі жан-жақты қолдауға ие.  Жақында №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицей базасында "Мейірімді жүрек" акциясы аясында концерт өткізілді. Шараға кент тұрғындары, мектеп оқушылары, ұстаздар қатысты.

Концерт шымылдығын мектеп-лицей директоры Б.Сағындық ашып, қайырымдылық акциясының маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар қашанда тұрғындарға көмек беріп келе жатқан жандарға алғысын айтты. Әрқашан балалардың қуаныша ортақтасып, демеулік ету  жомарт жандардың парызы екендігін жеткізді. Бұдан кейін мектеп оқушылары ән айтып, мың бұрала биледі. Арнайы орнатылған жәшікке көрермендерден жиналған қаражат қоры салынып, көмекке мұқтаж жандарға берілді. Сондай-ақ, жеке кәсіпкер Л.Қараманова балаларға аяқ-киімдер үлестірді.  Негізінен қайырымдылық акциясы апта бойы жалғасып, "Бақытты балалық  шақ" сурет байқауы, қолдан жасалған бұйымдар жәрмеңкесі, "Мейірімді адам қандай адам?" тақырыбында эссе байқауы өткізілген.
Осылайша адамдардың мейірімділігін арттырған кеш қорытындыланып, қатысушылар көмек көрсеткен азаматтарға жылы лебіздерін айтып тарқасты.
Б.ОРДАБЕКОВ
11 наурыз 2018 ж. 4 503 0