Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аудан орталығында акция аясында көшет отырғызылды

Аудан орталығында акция аясында көшет отырғызылды

Бүгін аудан орталығында «Мекенім — жасыл елім», «Бұл менің ағашым» акциясы ұйымдастырылды. Акция аясында орталық саябаққа көшеттер отырғызылып, оған аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев қатысты.


— Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі — табиғаттың түлеп, жаңаратын уақыты. Осы мезгілде бұлақ көздері ашылып, тұрғындар тазарту жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, тұрғылықты жерді көркейтіп, гүлдендіру үшін тал егеді. Осы мақсатта бүгін біз игілікті іске атсалысып жатырмыз. Өзіміз еккен көшет арқылы ауданның экожүйесінің жақсаруына үлес қосамыз. Мереке құтты болсын, — деді аудан әкімінің орынбасары.


Жалпыұлттық акциялар аясында тазарту жұмыстары да жүргізілді.
21 наурыз 2021 ж. 1 169 0